Posted in

ҚАНЫ МОЙНЫНДА

Адам өліміне қатысы бар, күнәкар. * Сен қызыңды бергің келмеді. Қобландыны өлтірттің. Адам қаны мойнында! Шешемді қараладың. Адам ары, анам ары мойнында! Шық үйімнен, жауыз! С.Смат. * Кейінгі патшалардың уағында жарықтықтың соңына сөз ілестіріп, әрі итеріп, бері жығып дегендей, айтпаған сөзі қалмай “тас жүрек қатыгез!”, “миллиоңдаған адамның қаны мойнында!”, “жеке адамға табынудың тұғыры!” деп, “момындардың арасынан халық жауын мыңдап, миллиоңдап атқызып үлгерді” деп… Д.Досж.