Делебесі қозды; әуесі оянды. * Жайлап иығынан қозғап еді, қазір үстіне тас құлап кетсе де, дәнеңе сезер емес. Шалдың қаны қызып, тамырлары лыпылдай бастады. Н.Дәу. ~ Сол әкесі көзі тірісінде айтып отыратын: арғы бабамыз көкпар шауып жүріп, қаны қызып, ағып келе жатқан салымшы жігіттің алдынан көлденең шауып, атын қақтырып омақастырып, мойын тамырын үзіп жіберіпті. Д.Досж. ~ Соны көріп Мәдидің қаны қызатын, бірақ қозғалуға дәрмені жоқ, шерменде болып жатқан шағында сонау Қарағандыдан Иман келе қалды. Ә.Әб.
