Posted in

ҚАН ЖАЛАТТЫ

Қанға бөктірді; соққыға жықты. Аяусыз соққы берді; қырып-жойды. * Сөйтіп, патшалыққа, орыс патшасына алғашқы жұдырық қақ тұмсықтан қан жалатып, қатты тиіпті! – деп, сақылдап күліп жіберді. М.Әу. * Арғы атаң Арқадан жоңғарды қан жалатып қуып, Сауыр-Сайқанға келгенде керейдің аппақ аруының шашына шырматылып қалып қойған. М.Қаб. * Шайқаста бұлар талай фашистке қан жалатты. Ш.Айт. * «Аяқ-аяқ» деген айқайды әлде естімеді, әлде түсінбеді, арбакештің арбасына жылт қара туфлиінің басын соғып алған ол менің, менің деймін-ау, кешелі бері пайда бола кеткен менің елес-сыңарымның бет-ауызын қан жалатты. Д.Қуат. * Сөйтіп қазақты қан жылатып, жерін қан жалатып, әйелдерін қан қақсатқан Ермакқа еліміздің ортасынан Совет заманында қала тұрғызу — бұл қай интернационалдық тәрбиеге сияды?! Б.Қыд.