Қарғыс. Қанға бат, өлім келсін д.м. * Боқтыбай (Алшынбайға). Дұп-дұрыс-ау, дұп-дұрыс… ел сырын білетін көкжалымсың ғой. Алшынбай (мырс етіп күліп). Қан жауғыр «көкжалың» не? Бұрын қасиетті сөз болғанмен, бұл күнде құбыжыққа айналған… мақтаймын деп боқтап алып жүрерсің. Б.Майл. * Айғай салу керек шығар? Кімге? Қасқырға ма? Мүсіреп ағай көрінсе бір жөн. Ол кісі көрінбейді. Қасқыр құтылатын болды. Жарты-ақ шақырым қалды ағашқа… Оқ бойы… арқан бойы… Құтылды-ау, қан жауғыр… Қой, ұмтылмаса болмас… Ғ.Мүс. * Асығып айтып жатады, тыста барылдаған дауыс. Дауыс. Елекбай! Әу, Елекбай!.. Елекбай деймін!.. Қайда кеткен қан жауғыр… Елекбай!.. Б.Майл.
