Қра тер болды. Әбден титықтады, шаршады, қара тер болды. ~ Әбден қызып алғандікі ме, жыны келген бақсыдай, жан-етімізді жұлып жеп, алақ-жұлақ қағып «аһ» деп ышқына кеп даусымызды да шығарып қоямыз. Қара тер боп қан-сорпамыз да шығыпты. С.Ғабб. ~ – Алуын аларсың-ау, бірақ өзіңнің де қан-сорпаң шығар! Ә.Кек. ~ Алевтина Павловна қан сорпасы шығып келе жатыр екен, шыдай алмай менде бір пәс Вовка командирді арқаластым. Т.Ахт.
