Posted in

ҚАН СУДАЙ АҚТЫ

Соғыс майданында қаза тапқандардың саны жоқ д.м. ~ Үш жылдың ішінде Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып Батысқа жол ашылды. Қан судай ақты. Жанған қала, жылаған бала. «Шыңғысхан!», «Батухан!», «Сүбітай баһадур!» аттары әлемді түршіктірді. І.Ес.

ҚАНЫ СУДАЙ АҚТЫ

Қанға батты. * Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап, мал да бақты. Сенде талай- талай сабаздың қаны судай да ақты. Шәк. * Кенесарының жасыл туының астына кіргісі келмеген жұрт жұрт емес! – Ол бұрынғысынан да сұрлана түсті. – Ондай елдің мейлі қаны судай ақсын, мейлі бәрі ойдай бауыздалсын, егер оған қабағымды шытсам, Абылай атамның аруағы атсын! І.Ес.