Орайлы мезгілін, сәтін тосты. * Бір-бірінің қапысын аңдыған қос арлан бірдей қимылдады. С.Жүн. * Н и я з. Бұлай пікір айтуға да болмайды. Мен де түсінем. Кек алудың қапысын аңдыған екесің ғой. Т.Ахт. * Елубасылардың бір жақ шетін ала отырысты. Бұлардың ажарын бағып, тыным таппай, күрескен кісідей қапысын аңдысқан Оразбай, Жиренше де сәтте қыбылжып қалды. М.Әу. * Жол бойы неше күн ойласа да, мынау тағы да қапысын тосқан тұтқиыл сұрақ еді. Ә.Нұрп. * Үрейлі, қорқынышты, әлдене тажал, қапас қараңғы түкпірде бұны андып, қапысын күтіп тұрған тажал бар сияқты. Ә.Тар * Талай тұтқиылдан күткен тосқауылдар, қапысын баққан қауіптер тұр алдында. Т.Ахт.
