Оңтайын тауып, дегеніне жетті; оқыс тап берді. * Қыбырттаған жаман-жұман бозбаланың да, қиқаңдаған кейқуат Тұяқтың да аузын аппақ қылып, қараңғы түнде қапысын тауып, албырт Күнікей асыл қазынасымен ер жігіттің қолына тиді… Ж.Айм.* Өзің де осынша құдіретке жұрттың қапысын тауып жетпеп пе ең, ендеше өзің де жұртқа қапыңды таптыртпа… Қапыңды құдай таппаса, адам таппасын… Ә.Кек. * Тіпті олардың Дәмешті бірінен-бірі сырттай қызғанып, бірінің майлағанын бірі естісе, көз алартып қапысын тауып қағысып, соғысып жүргендерін де еститінбіз. Ә.Нұрш. * … тосқауылдай соққы беріп
жүрген сарбаздар қарсы жақтың қапысын тауып, бір кезек сәтті шабуылға шыққан екен… Ғ.Біл.
