Posted in

ҚАРАЛЫ КҮН

Өлген адамға аза тұту күні, азалы мезгіл. ~ Қаралы күннің қапалы жайымен дәл не істерін анық біле алмағандай, іштен тына, бір сәт түнеріп тұрып қалған. Ж.Ахм. ~ Боранқұл шаңырағының үстіне қаралы күндей қайта түн орнады. Ғ.Біл. ~ Ертеңі мәлімсіз, бірақ үміті желісті, арманы асқақ көшпелі халық қыстан амалдап шығудың қамымен мал тұя- ғына ілесіп, Қаратауды бетке алғанда ажалына асыққандай қайырсыз қаралы күндерге тап боларын қайдан білсін. Ө.Кәр.