Әулеттің қадірлі азаматы қаза болған ауылдың көші. ~ Бір әйелдің сыңсыған дауысы естілгендей. Жіп-жіңішке нәзік үн құлағына талып жетеді. Бәсе, бәсе… Сірә қаралы көш болды ғой… Біреуі өлген… З.Шүк. ~ Міне, ақырын, өте ақырын қозғалған қаралы көш әрең дегенде тау баурайындағы қасиетті кісілер ғана жерленетін қорымның шетіне ілікті… Ә.Нұрп. ~ Неткен мұңды өлең десеңізші! Қиын-қыстау жаугершілік замандағы ел басына түскен ауыртпалықты осынау халық әні қалай дәл жеткізген! Қаратаудың басынан түскен көш жай көшіп-қонды емес, қаралы көшке ұқсамай ма? Атақты «ақ табан шұбырынды» уақыты көз алдыңа келеді. Ғ.Мұст.
