Posted in

ҚАРАСЫ БАТТЫ (ӨШТІ)

Жоғалып кетті; көрінбейтін болды; алыстады; құрып кетті. * Бірақ астанадағы жалғыз ұлы осы тойға да келе алмады. Қарасы батты. Д.Досж. * Бір кезде қасқыр, қарсақ сияқты ірі жыртқыштар жа жортып жүреді екен, қазір соның бәрінің қарасы өшкен. О.Сәрс. ~ ~ Орыстардың дыбысы өшкенше: «Құтқарғаның шын ба, жасаған!» дегендей, арттарынан топырақ шашып, қарасы өшкен соң: «Үүһ!» деп демін бір алып, төңірегіне көз салды. Ж.Айм.