Әлдебірдеңенің сұлбасы байқалды. ~ Әлден-ақ қапқа түсер алтынның қарасы көрініп, шамасы белгілі бола бастады. О.Сәрс. ~ Бұлдырап жалғыз қара келе жатыр, Бурадай омырауға көбік шашып. Шаң болмаса ат қарасы көрінбейді, Отырған сыбызғымен Қожаға кеп. “Берд.б.” ~ Күн кешкіріп қалды, көзге тек аспанмен астасқан телегей теңіз ғана көрінеді. Жел қатая түсті, көп кешікпей жердің де қарасы көрінер деп дәмеленді қария. Э.Хэм.
