Posted in

ҚАРАСЫ ҮЗІЛДІ

Алыстап, көрінбей кетті. ~  Шәлтік үн қатпай тыңдап-тыңдап тұрды да ақыры: — Құп, — деп бір-ақ ауыз үн қатып тебініп жүріп кетті. Енді белі шойрылмай ма немене, ширап апты. Біраз жүріп баздың қарасы үзіле бергенде артына бір қарап ап байталдың басын ірікті де, ойлана қалды. М.Әу. ~ Ауылдың қарасы үзілген кезде, Желдібай артына бұрылып қарап тепектеп шауып келе жатқан орта жасты кісіні көрді. Б.Майл. ~ Бармақты тістеп қала берді. Ер-тоқымды еңгеріп алып, қоқиланып шауып бара жатқан солдаттың әбден қарасы үзілген соң барып, зығыры қайнап кетіп: “Сол кеткеннен келме, жолыңа жуа бітсін!”— деп Дәметкен бәйбіше қарғап еді. Одан артық қылар дәрмендесі жоқ еді. Б.Майл. ~ Сонда да басы көшпелі ойлармен әуре. Қарасы үзілген Сүйгембай есінен жуырда шықпады. «Түсінбедім осы шалға» деп келе жатып Қаменге ауысты бір кезде. Шағын денелі, шүңірек көз, жар қабақ, күдістеу келген қатыңқы қара кісі жоғары әсте қарамайды, жарқылдап бір күлмейді, түнгі жартастай тұнжыр, қорқынышты. Ол жазы-қысы жалғыз үй. Әйелі жалғыз қалады. Қалай іші пыспайды,
қорықпайды? Ғ.Мұст.