Posted in

ҚАРАСЫ ҰЗАДЫ

Алыстады. әрірек кетті. ~ Бұл кезде орыс қарасы ұзап, шақырымнан қашық жерге кетіп қалды. Әлі шұбырып жылжып, ойға қарай жосып барады… М.Әу. * Соның қарасы ұзады-ау деген мезгілде үсті-басын қағынып, сүртініп шөмеле астынан сүйретіліп Ботпай да шықты. О.Сәрс. ~ Артынан ұры сытылып жөнелгенде, айғайлар болар еді. Бірақ қолма-қол жерден айырылғанын өзгелер мазақ етер деп ойлап, ананың қарасы ұзағанша, өтірік сезбеген кісі болып іркіліп қалған. М.Әу.