Posted in

ҚАРАУЫЛЫНА ІЛІКТІ

ҚАРАУЫЛЫНА ІЛІКТІ Біреудің назарына қалды, көзіне түсті, бақылауында, аңдуында болды. * Есеней он күн ойланса да қызды күйдіріп-жандыратын еш нәрсе таба алған жоқ. Екі рет Артықбайды шанаға байлап-матап отырғызып аңға алып шығып еді. Оның қарауылына қасқыр іліктіре алмады. Ғ.Мүс. * Жаны таза жас қыздың сұлулығы өзіне сор болды. Қылтиып қыз бола бастағасын- ақ бозбала біткеннің қарауылына ілікті. Ү.Жәл. * Өзі көптен қарауылына іліктіре алмай жүрген Ақтөс жылтыр қара аю екеуі орман ішінде тағы да бетпе- бет кездесіп қалған екен дейді. К.Сегд. * Еркегі аң қағып кеткен ұрғашы қоңыр аю Аңшының қарауылына оңай ілікті. Д.Қуат.