Posted in

ҚАРАША ҚАЗДАЙ ҚАҢҚЫЛДАДЫ (ҚИҚУЛАДЫ)

Саңқылдап, жер жара шыққан дауыс сипаты. ~ Ауылда біздің алты үй бар еді, Алты үйден ұшар ән-күй бар еді. Ақшам кезінде аққу боп сыңсып, Қараша қаздай қаңқылдар еді. С.Осп. ~ Есен-саусыз ба, Әзеке? Қараша қаздай қаңқылдап жеттіңіз бе ақыры? – деп Қабдөш мұғалім күле сөйлеп, көкесінің қолын алды. Д.Әш. ~ Күн ақырапқа толғанда Қайтушы ед елім қоныстап, Қараша қаздай қыйқулап, Қанаттарын серментіп. Нұрым жыр.