Қайғыға батты; жалғыз қалды, көзі суалды. * Ақсақалдың Төлегенге, әсіресе, ренжігені: кешегі бәйбішеден өлідей, Ақбілектен тірідей айырылып, басына қара түн туып, жалғыздық көргенде сол шіркіннің бір көрініп кетуге жарамағаны еді. Келмейді деген кімнің ойында бар? Ағайын да, ауыл да күтті. Қолынан еш нәрсе келмесе де, қараң суалып отырған әкесін жұбатып кетсейші. О жаман туған, шіркін! Ж.Айм.
