ҚАРАҢ ҚАЛСЫН (БАТСЫН) Құрып кет, өле қал д.м. қарғыс. ~ «Аңға шығу керек, − деп ойлады ширыққан омарташы. − Дүниеде одан қызық та қымбат не бар? Қалғанының барлығы қараң қалсын!» О.Бөк. ~ Қыс келгенде не боламыз? Сонда Айша айтты: − Қараң қалғыр, қараң қалсын бүйткен өмірі! Ш.Мұр. ~ Қараң батқыр, қараң батсын сенің! Асымды ішіп, текеметімді тілді деген осы! Шыдап жүрсем, мілисаға хабарлағаны несі – ай?! Н.Сер.
