Posted in

ҚАРА АСПАНДЫ ЖАУДЫРДЫ (ТӨНДІРДІ)

Жоқ нәрседен қауіптендіріп, қорқытып-үркітті. ~ Болды, болды, қара аспанды жаудырмай. Одан да құлқыным құрып тұр десеңші! Т.Сәу. ~ Ошақтың оты шалқып қазан асқан, Оңдалар шалыс қадам жаза басқан. Төндiрдi қара аспанды әлдекiмдер, Қырыла қалатындай қазақ аштан. Н.Айт. ~ Жолдасбекке салсаң айдың– күннің аманында қара аспанды төндіріп, қара суды кері ағызып, екеуінің жиған– тергені текке рәсуа болатындай, той туралы шым– шымдап сыр тартып көріңіз, қос қолын төбесіне қойып, безіп кеткісі келеді. Қ.Жиен.