Қорқытып, үркітіп, уайымға берілді; қара аспанды төндірді. ~ Былайғы уақытта да қара аспанды қапылтып жүретін неме, әсіресе осы жолы үйі өртеніп бара жатқандай үстіне емпелеңдеп кірсін. Ә.Нұрп. ~ Үргенішбай ақсақал айтпақшы, «арса- арсасы шыққан» шаң қобызды көргенде режиссері түспегірдің әйелі ұл тапқандай қуанғаны: — Ал сіз ондай қобызды қайдан табамын деп қара аспанды қапылтасыз. Іздемейсіздер, іздегілеріңіз келмейді. Қ.Жиен. ~ Шыны керек, саған осы қамшы болды. Көп ішінен қара аспанды қапылтып тұрған әлгі жігітке иек қағып: – Тәуекел… Айда, қайықты суға салыңдар! – деген еді. Ә.Нұрп.
