Posted in

ҚАРА ЖАЯУ ЕМЕС

Мүлде парықсыз емес; әлдебір өнерден құр алақан емес. * – Шəкенжан! Поздраф меня! (Құттықта мені) – деді Тұмарбай орысшылап. Үйткені қалада өскен Шəкенжан орысшадан да қара жаяу емес еді. Ж.Айм. * Үстелдің үсті – толған Маркс əдебиеті, мінгені – арғымақ. Омырау қалтасында кішкене айнасы да бар. Мəжіліс болса, əр мəселеден хабары бар. «Мынау қаражаяу емес екен» десін деп, қарсы шығып, келсе-келмесе де, бір сөйлеп қалады. Ж.Айм. * Менің де қаражаяу көптің бірі емес екеніме күмәнің бола қоймас деп ойлаймын. С.Иман. ~ Ақбөбек те қара жаяу емес-ті. Екі ауыз сөзді құрастыру қолынан келеді. Ү.Жәл.