Мінген атынан айрылып қалды. ~ Жығылған үстіне жұдырық – зығырданымды қайнатқан Сұлтанның қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы. Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымды әкеп босағаға жиып қойдым. Б.Соқ. ~ Ал торы ат өлсе ше? Алатын құдай оны менен сұрап тұра ма?! Дегенмен, оның өлгені мені бір кеміп кетпей ме. Қара жаяу қалу қай қазақтың көнетін қорлығы еді. Б.Қыд.
- Жұтқа ұшырады, бар малынан айрылды. ~ Міне, бұлар шын жұтқа ұшырады. Табиғаттың толағай, толайым жұты емес. Жо – жоқ. Дөрекі, зорақы жұт. Бірінші рет − Кеңес өкіметі орнаған жылы бір сыпырған. Екінші рет − жиырма сегізінші жылы басталған кәмпеске. Бұл жолы тәркілеу тұлдыр қалдырмай кеткен де, әкеміз жүген ұстап, қара жаяу қалған. Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам деген сонда болған. Ш.Мұр.
- Бар құндылығын жоғалтты. ~ Біз кеше Маяковский боламыз деп қазақтың қара өлеңін қырық турап, Бабаевский боламыз деп өнерден қара жаяу қала жаздаған жоқпыз ба. Қ.Ысқ.
