Мейрімсіз, адамгершілігі жоқ д.м. ~ Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің, Құл болдың қара табан енді малсыз. Ортаға қамап алып қырып жатыр Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз. М.Жұм. ~ Барын, жан ашыр малын базарға салып, киінуге тұрған кедей шаруаларға, крестьяндарға казак-орыстың қара жүректері, дігір таяқты көп ойнатты. М.Дәу. ~ … күндестік, бақастық, алауыздыққа келгенде ағайынды да аямаймыз. Өлтіре салудан да тайынбайтын қара жүрек халықпыз. Ж.Шәк. ~ Қашты екен деп ала берме жау мысын – Қара жүрек қанішерден саумысың? И.Сап. ~ Мына біздің қара жүрек Әбен соққан алдымен конфискеге жатар деп Тәтібала жайлана отырды. С.Бег. ~ Тағы біреулер обырлана ғұмыр кешіп, бермесіңді тартып жеп, қара жүректікпен күн өткізеді, сөйтіп, о бастағы адамдық қасиетін жоғалтып, хайуандықтан аса алмай қалады. Н.Абд.
