Дойыр, ұр да жық адам. ~ Есек құрты мұрнынан түсіп жетіліп тұр дейді деп, осы Әкіштерді сөз қылады. Байғұлдың Әкіші саудагер, қара жұдырықтау болса, Демеу хат-шот білетін. Исахан хазіреттен тәлім алған халфелеу адам еді. І.Жанс. ~ Қойшы да тұтқыштай қара, жарғақтай ысқаяқ, кір тон, дамбалдан басқа лыпа жоқ. Күп-күрең қара қайыс арқасы күнге шағылысып, желінді шеңгелдей ұстап, анда-санда құлаштап бір қойып қалады. Қытықтанып, қымсынған саулық қара жұдырықтың игілігін көрді. Ж.Айм.
