Екі араға түскен салқындық туралы; екі ортаға суық сөз жүгіріп, өсек-аяңға ілікті деген мағынада. ~ О түгілі әкесі Ақбілекпен оңаша қалудан қашатын тәрізді. Әкесімен екеуінің арасынан қара мысық кесіп өткендей бір өткел түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Ж.Айм. ~ Сапар. Татулықтарыңда мін жоқ еді, қара мысық қашан өтіп жүр? Қ.Мұх. ~ … үн- түнсіз түңіле бұрылып, үйден шыға жөнелгенінен қорық. Сонда ол өзгерді деп біл. Өтірікті жолдас еткені араларыңа қара мысықтың кіргені де. М.Сүн.
