Аштан өлмеске ғана жететін қарапайым тағам д.м. ~ Жолдасы Ерлік екеуі екі жақтап жұмыс істесе, жағдайларын түзеп аларына сенімді еді. Қара нан жеп, қара су ішсе де сол күндер шаттыққа толы болатын. А.Үсей. ~ Сөйтіп, ат арып тулақ болған, ер арып әруақ болған кезді көріп отырмын. Барғаны мен қайтқанында тек қана қара нан, қара суды талшық етіпті. М.Әу. ~ Ит басына іркіт төгілген заманда қара нан, қара сумен отырушы едік. Ақырында ержеттім. Т.Әс. ~ Эмиль Золяның қара су мен қара нанды талшық етіп, бар киімін кепілдікке өткізіп, бір қабат дәке жамылып «арабқа» айналып, жанкештілікпен еңбек етуі арқасында – көзі тірісінде атақ пен байлыққа қол жеткізгені керемет ерлік емес пе? З.Төл.
