Қалың, көп, саны басым. ~ Міне, мыңғырған мал талауға кеткен соң, қара ормандай қалың ел жусап түскен соң, қасқырына
дейін аштан өлген кең дала, тұқымы құруға тақаған азғана киікке оңаша тисе керек. М.Мағ. ~ – Ал, енді қара ормандай
қалың нағашыларым… Мен қыдырманың қырық ауызын айттым… Ауылдың алты ауызын енді айтатын шығарсыздар… – деп
домбырасын өзімен қатар отырған жігітке ұсынды. Қ.Мүб. ~ Тұғыры Тұранымның шайқалмайды, Тұрғанда қара ормандай өзбек
елі! Б.Әлімж.
