Posted in

ҚАРА ОРМАН

ҚАРА ОРМАН Қалың ел, туған-туыс, бүкіл халық. * – Қалай дені-қарның сау жүрсің бе? Қатын-балаң, қара орманың аман ба? – деп жеделдетіп жіберді. О.Сәрс. * Талай жылдан бері шашау шығармай жиған мал, маңдай тер, қыруар еңбегі бір-ақ күнде еш болып, от басы, бүкіл қара орманы аңырап, адыра қалғалы тұр. С.Жүн. * Апамды үйінен, қара орманынан ел-жұртты шулатып ала қашқан шеру жаңадан қазылған жас қабірдің басына келіп тоқтап, сүйек салынған зузаны жерге түсірген соң, біздерге бір-бір сомнан ақша таратты. О.Бөк. * Халқың мына алақандай қалада емес, ауыл-ауылда күн кешіп жатыр… Сол қара орманға аяғың да, қолың да жетпеген. Аяқ-қол жетпеген жерге көз бен құлақ, жортақтаған қалам жетуші ме еді! М.Қаб.