Posted in

ҚАРА СУДАЙ ТҰНҒАН (ТҰНЫҚ)

Таза, мөлдір. ~ Асығат әйеліне қарады. Қара судай тұнған үлкен бота көзі суалып, ақшыл жүзі күнге күйген шүберектей бозарып, әбден күйрей қапты.І. Ес. ~ Қысқасы, киген киімі, бояусыз ақшыл бетті, қара судай тұнып жатқан мұңлы көзді жүдеу сұлудың сырт бейнесін біркелкі түрлендіріп жібергендей көрінген. І.Ес. ~ Жалпы, бір туысқаны болмаса ағалы- інілі екеуінің тумысы да, түрі де екі басқа. Бірі – заман ағымына икемделгіш пысық, бірі – көктемде арнасынан қашып шығып дариядан бөлектеніп қалған қара судай тұнық. C.Асылб.

  1. Еш өзгеріссіз. ~ Қала тұрмысында, ел өмірінде айта қалғандай өзгеріс жоқ. Иә, қандай өзгеріс болсын.
    Ағынсыз қара судай тұнып жатырмыз деп те айта алмаймын. С.Ом.