Posted in

ҚАРА СУДАН ҚАЙМАҚ АЛДЫ (ТАРТТЫ, ҮНЕМДЕДІ, ҚАЛҚЫДЫ).

Сараңдық, жылпостық хақында. ~ Қара судан қаймақ алып, қамын ойлап құрсақтың, Күнненкүнге асып түсті бір сатқыннан бір сатқын. Н.Айт. ~ Сараңсыған қытымырларды, ашпа-жалап дүние қоңыздарды шық бермес шығайбайлар мен
қара судан қаймақ қалқыған қарымбайларды қолпаштағанда көздегені – өсер жасты өнікті де, өрісті адал еңбекке бейімдеп ата кәсіптен қол үзбей бейнетпен мал тапсын дегені еді. Ө.Кәр.

  1. Асқан үнемшілдік, әбжілдік хақында. ~ Сезiмiм саған деген салқындады, Аптығып, алабөтен алқынбады. Қаласа – қара судан қаймақ тартқан Қарғам-ау, сол баяғы қалпың кəнi? И.Сап. ~ Қара судан қаймақ үнемдеген басы, ертеңгісін кеткенде қолы жетпесін деп артық шайнаманы інілерінен жасырып сырық басындағы қараторғайдың ұясына тығатын еді. Қ.Ысқ.