Құстың өсіп-жетілуі, ұша алатын жағдайға жетуі. ~ Оның үстіне «тісі шыққан баланың тамақты өзі шайнағанды қалайтыны, аяғы шыққан баланың жұлқынып жетектен босануға ұмтылатыны сияқты Анажар да бауырынан қара қанат балапан боп ұшқысы келіп, қомданатынын көпті көрген қарт әже сезді. Е.Әлімж. ~ Әбден өсіп қара қанат болған ол, «шиқ-шиқ» етіп жанынан қалмайтын сары ала шымшықты тастап, «кө-кек, кө-кек» деген дауысының жаңғырығын қуалап алыстап кеткен еді. С.Ғабб. ~ … өңдерi үрей аралас бiр күймен өзгерiп, көз аңғалақтарын қорқыныштың қара қанаты жанап өткен сынды. П.Дүйс.
