Түсі суық, үрейлі. ~ Селк етіп, түстен шошып оянғандай, Онысын жүрек айтып, ойы аңғармай. Қапы өмір, қара қанат құзғын қайғы, Бұған да шулап ұшып оралғандай. Ғ.Қайыр. ~ Ұясына қан үйіріп күн батты, Өтті мезгіл арқалаған жұмбақты. Бірте-бірте түн қабағын қалыңдап, Төңіректі қара қанат мұң жапты. Ғ.Қайыр. ~ Ақ қарда мін жоқ еді – күліп жатты жарқырап, Кіршік түспей қылауға, күн тамшысы жалтырап. Аппақ әлем ішінде қара қанат суылдап, Түршігеді бар денем, тұла бойым қалтырап… Б.Райыс.
