Posted in

ҚАРНЫ АШТЫ

.Тамақ ішкісі келіп, жүрегі сазды. ~ Анда-санда: «А, балақайым, а балақайым! Кезі мөлдіреп, табаны үлдіреп, қарны ашып, қаны қашып қалған екен ғой…» деп, жыбырлатып, тақпақтап қояды. Ақбілек не дерін білмей, біресе дуананың шошаңдаған бес тал сақалына, біресе күнге күйген қошқыл омырауына қарап қояды. Ж.Айм. ~ Не болмаса, мынадай картинаны көз алдыңа алып кел. Түн. Бала бесікте бөлеулі жатыр. Жанындағы төсектегі шешесі қалың көрпені жамылып шырт ұйқыда. Қарны ашты ма, тоңды ма, төсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде бала оянып жылайды. М.Жұмаб. ~ Содан кейін бе? Содан кейін асыққан, немесе қарны ашты ма, шөлдеді ме, әйтеуір тезірек қайтқысы келген. Б.Ыбыр.

  1. Әлденеге көңілі толмады. * Айнымалы, құбылма замандастарының кейбіріне қарны ашатындығы сондықтан. О.Сәрс. * Құрдасына Құлтайдың кәдімгідей қарны ашып қалды. Тіпті қатты ренжіді. «Көршім- көршім деп сөзбұйдаға салмай- ақ, бірге өскен досым, не жолдасым десе қайтеді екен…» С.Асылб.