Posted in

ҚАРНЫ ЖЕР СЫЗДЫ (ТІРЕДІ)

Іші тым үлкейіп кеткен малға (көбінесе құрсағында төлі бар малға) қатысты айтылады. ~ Адам баласының алыбы, атақты дүниенің чемпионы, ауыр сүйекті Қаразамок!—деді. Мойны мен арқасы тұтасып қалған, қауын бас, қарны жер сызған үлкен үйелмен қара қымсынған бурадай ырғалып қана қойды. І.Жанс. ~ Жануардың қарны жер сызып, бүгiн-ертең құлындайды деп тұрған кез болатын. К.Сег. ~ Қарны жер сызған саулықтарды да есепке алып егіздің санын шамамен топшылайды. Ө.Кәр.

  1. Тым семіз, қарны қабақтай. ~ Ішінен орта жастан асып жығылған, қарны жер тірегендей қомақты, бойы көк тірегендей сорайған, бірақ ұзындығын жалпақтығы жеңіп кеткен нән тұлға шықты да, жалтақтамай бірден ең соңғы подъезге беттеді. Қ.Түм.