Posted in

ҚАРТАҢ ТАРТТЫ

Жер ортасы жасынан асқан, қарттық алдындағы адам туралы. ~ Міне, ол енді қартаң тартты да, әрі ауыр сырқатқа ұшырап зейнетке шығып еді. Соңынан қалмаған ажалдай науқас қуып әкеп, ауруханаға түсірді. З.Қабд. * Бостанға көбісі ренжігенмен, сағынғанын, қатты күткенін айтты… Оның сүйікті жары – Бейбітгүл біршама қартаң тартыпты. Ә.Уәлих.