Қарсылық көрсетті, әрекет жасады, күшін көрсетті. ~ Ақбілектің қолы өзінен-өзі қостың бір сырығын суырып алады. Құлаш төс жарадай қайың сойылша. Сойылшаны қос қолдап бауырына таман қысып қояды, бір ұшы қостың сыртында. Қасқыр келсе қару қылмақшы. Ж.Айм. ~ Айбат шеккен Алдардан Бу шығады бұрқырап. Қару қылды жасқанбай, лақтырды тас алып. БС. “Алдар көсе”. ~ Ортаға қамап алып қырып жатыр Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз. Қазағым, арыстаным, қайратты ерім, Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз? М.Жұм.
