Posted in

ҚАРҒА АДЫМ ЖЕР МҰҢ (ЗАР) БОЛДЫ

ҚАРҒА АДЫМ ЖЕР МҰҢ (ЗАР) БОЛДЫ Жап-жақын жердің өзіне жете алмай қалды. * Тау-тасты кезіп, ойды-қырды шарқ ұрып сайрандап жүрген Көшербай қарға адым жер мұң болып, қанат-құйрық қырқылып, мүгедек боп жатқаны. Ж.Айм. * Тамақтан өтер талшық табу, қарға адым жер жүру мұң болған сол бір сор қайнаған заманда, пыран киіп, пырақ мінген бұлықсыған мырзаның басынан бағы тайған заманда … Б.Қыд. * Қайрат кеміп қалжырап, Бір жығылып, бір тұрам. Құлағы шулап, дың болып, Қарға адым жер мұң болып (Ө.Тұрманжанов, Сұңқар.) * Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер зар екен. Қара көзден нұр кетсе, Бір көруге тар екен. “Нұрғазарын”.