Мынау тұрған жер; иек асты; болмашы ғана қашықтық. * Қарға адым жер жүре алмайтын атты тастай беріп Ақан мен Ақтоқты жаяулап кетуінде шек жоқ. С.Жүніс. * Жер-дүние алай-түлей боп, қарға адым жер көрінбей, айналаны қара түнек тұмшалайды. Т.Сәук. * – Қарға адым жер мұң болды, қартайдым, – деген қария батар күннен көз алмай. Р.Отар. * Танктердің алғашқы екеуі партизандар бекінісіне жете алмай, қандаққа түсіп, шыңырауға құлаған соң, қалғаны қарға адым жер ілгері баспай шегінді. Ж.Тілек.
