Posted in

ҚАСАБАЛЫ ҚАТЫН (ӘЙЕЛ)

Өмірді көрген, тісқаққан әйел. ~ Байғұс бала-ау, бекерге бусанасың,— деді ол, жұмсақ дауыспен,— бойы шарға болғанмен, жасы он төртке келіп қалған қыз. «Он үште отау иесі» демей ме, аталарың? Он үш түгіл, тоғыз, он жасында «қолбала» боп келгендердің талайы жетіліп, қасабалы қатын боп кеткенін көрдік… С.Мұқ. ~ Мұнда ақсақалды шал да, бет аузы айғыз-айғыз, айдаған жердей кемпірлер де, кестелі жағы бар, биік маңдайлы кимешекті, қасабалы қатын, бірер қарқаралы қыз да бар. Б.Қыд. ~ Ал, таңдау жайын ойлап көрсе, «сүйем» деген сөзі рас сияқты; «ал тілі» деуге, жол көріп жортып қалған қасабалы қатын емес, қызыл гүлі. С.Мұқ. ~ Қарқаралы қыз салтанатын бірге құрған Гауһар мен Майра екеуі қасабалы әйел болғанда да бірінсіз бірі тамақ ішіп көрмеген, шығарда жаны ғана басқа құрбылар еді. Б.Қыд.