Ант берді. ~ — Егер еш жанға білгізбеуге қасам ішсең дағдылы ұрылар тобына жолықтырамын, мүмкін олардың білетіндері бар болар,— деген еді. — Жарайды ант іш десең ант ішейін! — Қасам ішпесең де сенемін. Б.Қыд. * Жан беретін адам үстіне кебін киіп, қазулы тұрған көрден аттауы керек. Және соның алдында қолына құран ұстап тұрып: «Егер менің осы қылмысқа титтей араласым болса, құдайдың құлы, пайғамбардың үмбеті болмай кетейін. Екі дүниеде имансыз, көпір қауымында өтейін» деп қасам ішуі керек. Қ.Жұм. ~ Махсұт өлеңді іштей қайталап, екі рет оқып шықты да: “Алаштың рухы осы ғой! . . Соны жалғастыруға бел буған қазақ қанша?… Бүгін бірге қасам ішіп, серттескенімен, ертең жау жағыңа жалт береді”, – деген. Т.Рыск. ~ Бұл-біздің қасам ішкен қазығымыз, маңдай алды бағдарымыз. Ал, отбасы кімге жаман, кімге жат. Алла тірі сақтаса болды. Ж.Шәк.
