Posted in

ҚАСИЕТ КЕТТІ

Абыройдан, қадір-қасиеттен айрылды. ~ -Әй, балам!.. Болмады ғой, болмады ой… Қасиет кетті Көлден, сорлады ғой. Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік, Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!.. М.Мақ. ~ Сөйтсе жүз грамм мың бір түндік әлқиссаның басы екен. Біртін-біртін қарттан қасиет кетті, жүз грамы бөтелкеге айналды, бұғып кіріп, балақтан өрмелеп, басқа шыға бастады. М.Қаб. ~ Япыр-ай, осылар да туыс, осылар да Төлештің өрен-жараны ма еді? Расында аруағыңнан қасиет кеткен екен. Қ.Ысқ. ~ Бұрнағы жылы шешесі автокөлік апатынан қаза тапқаннан кейін, ол бір аз уақыт араққа салынып жүрді. «Мамаңнан айрылып, күйіп барам ғой» дейтін. Сөйтіп жүріп, жұмысынан шығып қалды. Атасы айтса «қасиеті кетті». Н.Дәу.