Адам бойына біткен дарын, талант, ерекшелік хақында. ~ Тіккен туы құла-масын!.. Аумие-е-е-ен! Жаратқан ие, қасиет қонған әулие-әмбилер жар бола гөр!” Д.Дос. ~ Мен айтсам: мұзарт шың басындағы билік иесі маңайында сабылған пенделердің шайтаны қайсы, періштесі қайсы – оқта-текте біле жүретін қасиет қонған әулие адам, маған келгенде әулиелігі ұстаған болар. Д.Дос. ~ . Бойына бақсылық, балгерлік қасиет қонған адамдар, дұрыстап ұстанбаса, бір жері кеміс боп, не жынданып – әйтеуір бір кеселге ұшырап жатпай ма? Өнердің киесі одан да зор. Т.Сәу. ~ Құдай тағала пәндәсінің нендей тілегі болса да береді екен ғой. Бірте-бірте ұлұғ сәруардың бойына айрықша қасиет қонды. Т.Сәу.
