Posted in

ҚАСИЕТ ТҰТТЫ

Қадірледі, ерекше ілтипатпен қарады, пірге балады. ~ Ал ана екеуі бұл сөздің не екенін білмесе де қасиет тұтып өздерінен басқаға айтқызбайтын… Ә.Әб. ~ Халқымыз ежелден-ақ қазды, немесе аққуды қасиет тұтқаны рас, тіпті аққу бейнесі тайпалық белгілерде болған… Б.Тоғ. ~ Бар тіршілігі малға тәуелді, төрт түлікті қасиет тұтқан аталарымыздың киелі орындары да төрт түлікпен байланысты болса да өзі білсін. С.Байх. ~ “Әй, айтарың сол-ақ па? Болмашыны сөз етіп” деп көзге ілмей жүріп, ескермегенсіп, ел — ел болғалы қасиет тұтқан сан жақсының түбіне жеттік емес пе. К.Жүн.