Posted in

ҚАСҚЫР ТАРТҚАН (ТИГЕН) ҚОЙДАЙ (БОЛДЫ)

Зәресі кетіп, дүрлікті, жан-жағына үрке қарап, алақ-жұлақ етті. ~ Егер менің апам болмаса, Берия менің әкемді бір құлағы жоқ еді, байқұстың деп аяп жіберді дейсіз бе?! — Сөзімнен жазған сорлы басым қасқыр тартқан қойдай жан-жағыма сол айдалада-ақ алақтап қарап алдым. Б.Қыд. ~ Қарусыз, қамсыз қайран ел, Қан жылаған пішінде. Қасқыр тиген қойдай боп, Қырғын тауып қалар ма?! Ж.Айм.