Posted in

ҚАСҚЫР ТИГЕН (ШАПҚАН) ҚОЙДАЙ ДҮРКІРЕДІ (ДҮРЛІКТІ)

Есі кетіп, дүрлікті, зәресі қалмады. ~ Əсіресе, керосин мен сынап мың да бір дəрі екен: бит біткенді қасқыр тиген қойдай дүркіретіп, ана шаштың да, мына шаштың да түбінен андағайлатып айдап шықты. Ж.Айм. ~ Таңсәріде соғыс басталған суық хабарды естіп, содан сәске түске дейін қасқыр тиген қойдай дүрліккен қатын – қалаш поездің жүрісі түзеле келе сабаларына түсейін деген. Т.Ах. ~ Көршілерін қасқыр шапқан қойдай дүрліктірген Шыңғысханның әскерімен де майдан даласында сан мәрте бетпе-бет келіп, атойлап айқасқа кірді. Д.Рам.