Жүзіне қарап, не ойлап тұрғанын, көңіл-күйін аңдады. ~ Ақторғын атасының ыңғайын қас- қабағынан танып, үй шаруасын ұршықтай үйіретін. Ү.Жәл. ~ Өзі мұрнынан сығып алып, көз алдында өскен баланың көңіл- күйін қас- қабағынан танитын кемпір Нұрланнан соңғы кезде өзгеше бөтен мінез байқап, соның түпкі бір себебін іздейтін. О.Бөк. ~ Кісінің жандүниесін қас- қабағынан танитын Майра мүлт кеткенін сезіп үлгерді: жайшылықта ол мұндай қателік істемесі хақ, ие… М.Сүн. ~ Екеуі де бір бірін қатты сыйлайтын, Асқардың әзіліне Ахан ешуақытта жауап қайтарған емес, қайтпаған жауапты Асқар оның іші мен қас- қабағынан өзі- ақ оқып алатын. Қ.Ысқ.~ Екеуі ұзақ жылдар сырмінез боп кеткендіктен бір- бірінің қалауын қас- қабағынан ұғып, ойын ишарадан- ақ түсінетін. Ү.Жәл.
