Көңіл-күйін ескерді. * Ол іштей: «Қабділда қайтыс болғаннан бері қасымда жүріп, қас-қабағыма қарап сырлас, серік болған Рәбиғаны ұзатқан тойында айтпағанда қайда айтамын», – деп әнді іркілмей салды. Ә.Шәр. * Ағалы-інілер, немере ағайындар бір-бірінің қас-қабағына қарап өскен еді. Ж.Аязбек. ~ Оны кісінің қас-қабағына қарайтын аңғарғыш, пайымды деп ойлайтын еді. Ө.Кәр. * Әкесі Жантөре бәйбішесі дүние салғасын төсек жаңғыртпай, жалғыздың қас-қабағына қарап жүре беріпті. Ү.Жәл.
