Posted in

ҚАС-ҚАБАҒЫН БАҚТЫ (АҢДЫДЫ)

Көңілін аулады, бағынышты болды. * Өзі болса, біреуге жаға ма, жақпай қала ма деп қипақтамайды, ал қарауындағылар мұның қас-қабағын бағып қипақтап тұрғанда, шатаспастан шатасып кетуі әбден ықтимал. Ә.Кек. * Қасқалдақтың қас-қабағын баққалы біраз болды. Енді көзі еркін жете бастағандай. Е.Зейіп. * Бұл – өзіңнің емін-еркін жүріс-тұрысынан айырылған, біреудің қас-қабағын баққан жалтақ-жалтаңы, ауыртпалығы көп, тауқыметі тара зыға тартылмайтын қатыгез қараң өмір. Қ.Тол. ~ Meн әпкемнің қас- қабағын андып, бала көңіліммен шын қиналдым. Сөйтсем әпкемнің мұнысы сырт көзге көрсеткен мінезі екен. Б.Мом.