Posted in

ҚАТТЫ КЕТТІ

Айтарын батыра айтты; бет-жүзіне қарамай қойып қалды. ~ Бұрқыраған коспасыз шындық алдында іші жылып, әуелгі кезде тым қатты кеткеніне ұялды. Д.Ис. * Тағы да Айман жайлы әэңгіме болды. Інісінің енді өлмесіне көзі жеткен Қарлығаш бұл жолы қатты кетті. – Сенің махаббат жайлы әңгімеңе тойдық, – деді ол қабағын түйіп. – Балтай, шалтайды қойып, дипломыңды ал да ауылға қайт. С.Дос. ~ Ол: «Он алты жыл бала оқытқан мен білем бе, боқмұрын сен білесің бе? Менің қарауымда істейім десең менің айтқаныммен жүресін»,— деп қатты кетті. Мұнысына менің ашуым келді. Н.Сер. * Тоқта… Осы мен қатты кеттім бе? Жо… «алмасаң табаныңды жалтырат» дегенім жоқ. «Алмасаң тайып отыр», — дедім. М.Сүн.