Posted in

ҚАТТЫ ҰСТАДЫ

Қарамағындағы адамды өктем мінезбен қатал ұстады. * Анам қатал адам еді. Жалғыз баласы болсам да мені қатты ұстайтын. Сондықтан мен сабақтан басқаға көп көңіл бөлмедім. Ү.Жәл. ~ — Қатыныңмен іш. Ішпеймін шайларыңды. Құдай біледі екі жүз мыңдай ақшаны қатының алып алды. Өй, бір, ынжық сорлы. Елдің ұлдары әйелдеріне айтқандарын істетіп, қатты ұстайды. Қ.Тілеу. ~ Бүйі — мейлінше өктем, әрі асқан өзімшіл болатын. Өрмекшілерді уысынан шығармай қатты ұстады. Момын байғұстарды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа ұстауға жұмылдырды. Ө.Кәр.